Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Тергеу барысында анықталғандай, екі күдікті алаяқтық жолмен 10 мың доллар иемденген

  • 27 Желтоқсан 2017
  • 226
Фото - Caravan.kz

Алматыда мемлекеттік кірістер департаментінің екі қызметшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Мәліметке сүйенсек, ішкі қауіпсіздік ведомствосының басқарма қызметкерлері Алматы МКД экономикалық тергеулер қызметінің екі қызметшічсін ұстаған. Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілініпті.

Тергеу барысында анықалғандай, биыл қазан айында олар өздерін экономикалық тергеулер қызметінің өкілдеріміз деп таныстырып, заңсыз кәсіпкерлікпен шұғылданды деген айыппен жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, алаяқтық жолмен 10 мың доллар иемденген.


Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

 

Соңғы жаңалықтар