Мемлекеттік кіріс комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды - ҚР Қаржы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік кіріс комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды - ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кіріс комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды - ҚР Қаржы министрлігі

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен 15.08.2014 күнінен бастап Ерғожин Дәулет Еділұлы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы болып тағайындалды,

  • 22 Тамыз 2014
  • 607
Фото - Caravan.kz

  деп хабарлайды аталмыш ведомствоның ресми сайты.

Дәулет Еділұлы Ерғожин — 1979 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1998) «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша; Экономика және құқық университетін (2001) «Құқықтану» мамандығы бойынша; ЗиГСоІк (2003) іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген.

1998 жылдан — «ҚазТрансОйл» ¥КТН АҚ клиринг департаментінің маманы болған. 2003 жылдан — «ҚазМұнайГаз» ¥К АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары.

2005 жылдан — «ҚазМұнайТеңіз» М¥К АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары.


2006 жылдың мамырынан — ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2006 жылдан — ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің бастығы.

2007 жылдан — ҚР қаржы вице-министрі. 2008 жылдан бері — ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы болып қызмет істеген. Үйленген. Жұбайы бар, екі ұл, екі қыздың әкесі.