Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы келді

Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы келді

 

  • 12 Тамыз 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды", — делінген хабарламада.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.

Мамандығы — инженер-экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастаған.


2002-2008 жж. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жж. — Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жж. — ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметте болған.

2014-2018 жж. — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.