Мемлекеттік қызметшілер түнге дейін жұмыс жасауға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қызметшілер түнге дейін жұмыс жасауға мәжбүр

Мемлекеттік қызметшілер түнге дейін жұмыс жасауға мәжбүр

Мемлекеттік қызметшілердің мұңы Президент әкімшілігіне жетті.

  • 4 Наурыз 2020
  • 61
Фото - Caravan.kz


Ақорда мен Үкімет кеңсесі шенеуніктердің жұмыста кешке дейін отырмауын қадағаламақ. Сол үшін бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен министрлік өкілдері бас қосты. Олардың арасында сегіз сағаттан артық жұмыс істеуге Президент әкімшілігінің өзі де себепкер деп ағынан жарылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шенеуніктер жұмысында неліктен түннің бір уағына дейін қалатынын зерттепті. Сөйтсе, бұған басшылықтың қоластындағы қызметшілеріне жұмысты дұрыс бөлмеуі, сегіз сағаттық еңбек кестесін дұрыс қолдана алмауы мен «шұғыл жасаңдар» деген құжаттардың негізсіз көбеюінен екен.     

 АЙНҰР ЕҢСЕГЕНОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ӘДЕПТІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС КОНСУЛЬТАНТЫ:
«Мысалы, Қаржы, Ұлттық экономика, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерінің қызметшілері жұмыс уақыты бітсе де, тағы бір сағатқа қалатындарын айтады. Жиі сенбі күндері ешқандай бұйрықсыз еңбек етеді. Ал, бұйрық болғанның өзінде қосымша демалыс күндері берілмейді екен».

Ведомстволардың бұл тағылған айыпқа айтары бар. Қаржы министрлігінің жауапты хатшысына сенсек, шенеуніктердің жұмыстан кейін қалуына Президент Әкімшілігінен бастап, қарапайым комитеттер себепші екен.

 ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:
«Министрлікте бірнеше рет тексерулер болды. Президент Әкімшілігінің тарапынан, Есеп комитетінің тарапынан, Бас прокуратураның Әскери прокуратура тарапынан, мына комитет по Чрезвычайной ситуации при МВД, Государственная  техническая служба КНБ деген бар, одан кейін Тіл мәселелері жөніндегі тексерісі бар. Бұның барлығы айналып келгенде тағы құжаттармен отыруға, негізі жұмысты ысырып қойып, біткенше сонымен отырады».

18 мың маманы бар Қаржы министрлігі келіп түскен құжаттармен жұмыс істеп үлгермегенде, өзгелер туралы айтпасақ та түсінікті. Қағазбастылықтан жеке өмірін ұмытқандар ресми құжаттар мен хаттардың кешкі уақытта келетінін де жасырмайды. Ал, оған жауап бермей, үйіне кетіп қалса, сөгіс естиді екен.

 ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:
«Шұғыл құжаттар көп. Бір-екі-үш күннің ішінде, немесе кешке дейін, немесе ертең деген. Кешкі сағат 18:30-дан кейін келіп түседі. Өздеріңіз біліп отырсыздар ғой, оны орындамасқа болмайды. Олардың да бастары біреу. Олардың да жанұялар бар. Бұл жерде байқау керек. Жұмыста ұрыс естіп, кетіп қалғаны жақсы ма?!».

Расымен, еңбек құқығы саласын зерттейтіндер де елімізде артық жұмыс істеу кең тараған, дейді.

 БИБІГҮЛ НҰРАШЕВА, ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ:
«Тек мемлекеттік қызметшілерін жайын айтпай, жалпы Қазақстандағы ахуалды айтсақ, бүгінде еңбек дауы өте өзекті. Жұмыс уақытын көбейту, жұмысшының құқығын бұзу, біздегі әрбір үшінші шағым еңбек дауына қатысты».

Орталық мемлекеттік органдарда СКУД атты маманның жұмысқа қашан келіп-кеткенін бақылайтын электрондық жүйе бар екенін білеміз. Бірақ, осы жүйені түрлі жеке фирмалар сараптайды екен. Бірізділік болмаған жерде еңбек уақытын талдау да қиын, дейді агенттіктегілер. Сондықтан барлық электрондық бақылауларды бірінші мамырға дейін біріңғай ету жоспарланып отыр. Дегенмен, аймақтарда мұндай жүйе жоқ. Демек, облыстардағы мемлекеттік қызметшілері жұмысы «баяғы жартас бір жартас» кейпінде қала беруі ықтимал.   

Соңғы жаңалықтар