Мемлекеттік сот орындаушыларының саны қысқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік сот орындаушыларының саны қысқарады

Мемлекеттік сот орындаушыларының саны қысқарады

Алдағы 3 жылда мемлекеттік сот орындаушылардың саны кезең-кезеңмен қысқарып, 2017 жылы шамамен 850 адамды құрамақ, - деп хабарлайды http://24.kz/.

  • 14 Тамыз 2015
  • 441
Фото - Caravan.kz

Қазір олардың саны 2 мыңнан асады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды. Осылайша келер жылдан бастап заңды тұлғалардың пайдасына шешілетін өндірістік істерді жеке сот орындаушылары қарайтын болады. Алимент, жалақы, зейнетақы мен мүліктік емес өндірістер де солардың құзырына берілмек. Ал оларға төленетін қаражат арнайы жүйе арқылы есептеледі. Мәселен, бұған дейін жеке сот орындаушылары әр қараған істен 10% пайда көрсе, қазір 3-тен 25%-ға дейін табыс таба алады. Яғни өндірілетін қаражаттың сомасы неғұрлым көп болса, сот орындаушының көретін пайдасы аз болмақ. Әрі азаматтар олардың көмегіне жүгінген жағдайда бас тартуға құқы жоқ. Айта кетейік, бүгінде қазақстандықтар мемлекетке 227 млрд теңге қарыз.


Сұран Меркібай, ҚР Әділет министрлігі департамент директорының орынбасары:

— Атқарушылық іс жүргізу саласында адам басына есеп жүргізілмейді. Өйткені әрбір атқарушылық өндірісте бірнеше адам болуы мүмкін. Немесе бір тұлғаға бірнеше өндіріс қозғалуы мүмкін. Статистикалық есепті алсақ, қазір елімізде шамамен 8 мыңға жуық жеке тұлға борышкер бар. Сонымен қатар 25 мыңға жуық заңды тұлға борышкер бар.

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанға мақта керек пе?
Жаңалықтар 21 Маусым