Мемлекеттік туды брезент ретінде қолданған жүк көлігінің жүргізушісіне 370 мың теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік туды брезент ретінде қолданған жүк көлігінің жүргізушісіне 370 мың теңге айыппұл салынды

Мемлекеттік туды брезент ретінде қолданған жүк көлігінің жүргізушісіне 370 мың теңге айыппұл салынды

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Мемлекеттік туды брезент ретінде қолданған жүк көлігінің жүргізушісіне

  • 19 Тамыз 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

370 мың 400 теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметінен.

«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, құқықбұзушы А.Есенбеков әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды» делінген хабарламада.

Осылайша, А.Есенбеков 370 мың 400 теңге (1 АЕК — 1852 тг) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Жүк көлігінің жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 354-1 бабының 1 тармағы бойынша (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын заңсыз қолдану) жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан тура бір ай бұрын ғаламторға бортындағы құрылыстан тиелген қоқысы Мемлекеттік тумен жабылған «КамАЗ» маркалы жүк көлігінің суреті шыққан болатын.