Мен ажырасқан әйелдерді жек көремін, олардың қасында отырғым да келмейді - Меруерт Айтенова - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен ажырасқан әйелдерді жек көремін, олардың қасында отырғым да келмейді - Меруерт Айтенова

Мен ажырасқан әйелдерді жек көремін, олардың қасында отырғым да келмейді - Меруерт Айтенова

Желіде журналист Меруерт Айтенованың ажырасқан әйелдер туралы айтқан сөзі тарады. 

  • 31 Тамыз 2023
  • 887
Фото - Caravan.kz

Аталмыш видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы. 

“Сен бақытсыз әйел, бақытсыз анасың. Бақыт көрмеген әйелсің. Отырсың міне, бүкіл әлемге жылап. Әй, ана 4 баланы тапқызған, тәтті төсектің дәмін сездірген еркекпен неге жабысып өмір сүрмейсің?! Егер бәріміз де жеңіл өмірді қалап, күйеуімізге көнбей, миымыз ағып кете беретін болсақ… Сендер, мынау ажыраған әйелдер қоғамның сорысыңдар. Біз жек көреміз, мен жеке өзім ажырасқан әйелдерді жек көремін. Отырғым келмейді олардың  қасында. Мен сияқты миллиондаған әйел бар. Отбасын ұстап, күйеуі қандай болса да көніп отырған әйелдер бар. Солар ажырасқан әйелдермен бір дастарханда отырғысы келмейді" – деді журналист.  

Видеоны өзінің Instagram желісінде бөліскен филолог Назгүл Қожабек те Меруерт Айтеноваға ашулы екенін білдірді. 


"Далбайопка. Құдай өзі кешірсін", — деп жазды ол. 

Желі қолданушылары да Меруерт Айтенованың бұл ойымен келіспейтінін жарыса жазуда. 

"Өзі басынан таяқ кетпейтін әйелдер солай сөйлейді. Әйелдің жауы әйел деген осы", "Жек көре бер, сенен ешкім сұрамады", "Неткен күпірлік", "Жек көрем осы әйелді, миы ағып кеткен екен", "Жетіскен екен", — деп жазды олар. 

 

Соңғы жаңалықтар