"Мен "@Eldos_kalabok"-қа сеніп қалдым". Блогерлер жарнамалаған турагенттікке қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен "@Eldos_kalabok"-қа сеніп қалдым". Блогерлер жарнамалаған турагенттікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Мен "@Eldos_kalabok"-қа сеніп қалдым". Блогерлер жарнамалаған турагенттікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Танымал блогерлер жарнамалаған "Kazak travel" компаниясына жүгінгендер сан соғып қалды. 

  • 4 Қараша 2022
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Астарлық ақиқат» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.Бағдарлама редакциясына базынасын айтып хабарласқан жүздеген адамның тур агенттікке аударған жалпы соммасы 33 000 000 теңгені құрайды екен.

«@Eldos_kalabok-тың жарнамасынан көрдім. Күйеуім екеуміз демалып қайтсақ деген ой болды. Содан Айданадан тур сатып алдым. Мен Eldos_kalabok-қа сеніп қалдым. 240 000 теңге төлеуім керек болған. 24 айға пайызсыз төлей аласыз деген еді. Алайда, маған 360 000-ға шығарып берді», — дейді Балжан Құдайбергенова.

Елді шулатқан тур агенттіктің негізін қалаушылар отбасылық жұп Фарух Смайлов пен Айдана Смайлова. Наразы туристердің қарасы көбейген соң жарты жылдан бері келісімшарт жасасқан тур операторлардың қара тізіміне енген. Соңғы деректер бойынша тур агенттік офиссіз, онлайн форматта осы жылдың қазан айына дейін жұмыс істеп келген. Іс насырға шауып, дауға ұласқан соң тур агенттік жұмысын тоқтатып ресми парақшасын бұғаттауға мәжбүр болған.

Бағдарламаға қонақ ретінде келген Жан Ахмадиев «Блогерлер ақшаның құлы болып кеткен», «Қазақ қанша рет аузы ыстық қасыққа тисе де сабақ алмайды екен» деп отыр.

Әлеуметтік желіде осы оқиғаға қатысты арнайы парақшалар ашылған. @Kazak_trevel_moshenniki1, @Kazak_trevel_moshenniki2 парақшаларында тур агенттікті жарнамалағандардың қатарында келесі блогерлер бар делінген: Төреғали Төрәлі, Қуандық Шаймардан, Фариза Төрәлі, Нұрдәулет Бектұрсын, Жанболат Найзабеков, Қанат Әбдіханұлы, Серік Ибрагимов.

Ал, ток-шоуға вайнер Қуандық Шаймардан ғана келуге келісіпті. Миллионнан астам оқырманы бар вайнер Қуандық Шаймардан Мысыр елін, артынша Грузияны көріп келген. Айтуынша, оларға бұл саяхат бартермен бұйырған. Яғни, саяхаттың ақысына жұбайы екеуі парақшаларында тур агенттікті жарнамалап беруге келіседі.


Оқиғаға байланысты Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек пікір білдірді. «Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне бірінші арыз 19 қазан күні келіп түскен болатын. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда арнайы тергеу тобы құрылды. Бүгінгі таңда жәбірленуші тағы да 8 азамат болып танылды. Бұл дерек бойынша қазіргі таңда барлық тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Сонан соң істің нәтижесі белгілі болады. Міндетті түрде іс материалдары сотқа жөнелтілетін болады», — деді Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар