Жарияланды: 5000

"Мен лаңкес емеспін": Университетте қырғын салған Тимурдың жазбасы табылды

"Мен лаңкес емеспін": Университетте қырғын салған Тимурдың жазбасы табылды

Жазбаға қарағанда ол алдын ала әбден дайындалған. 

Пермь мемлекеттік университетінде атысты ұйымдастырды деп болжанған 18 жастағы Тимур Бекмансұровтың желіде жазбасы жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Мен бұл туралы көп ойланып жүрдім, жылдар сырғып өтіп жатты, ақыры армандаған нәрсемді жүзеге асыратын уақыт келгенін түсіндім, - деп жазды ол ВКонтактіде.

Алдымен ол өзі оқыған мектебіне шабуыл жасағысы келген, бірақ наурыздың аяғында бұл ойынан айнып қалыпты. Ол "өмірінің соңғы 10 минутын өткізетіндей мектеп тым жағымсыз, қарабайыр орын" деп жазады.

"Бұл - лаңкестік шабуыл емес (заң тұрғысынан алғанда). Мен экстремистік ұйымдардың мүшесі де емеспін, дінге де, саясатқа да бас сұқпағанмын. Менің қылғанымнан ешкімнің хабары болған жоқ, барлығын өзім жоспарлап, жасадым. Ең бірінші уақытты белгіледім, 20 қыркүйекте әрекет жасайтын болдым. Әзірге университет ғимараттары арасындағы өту жолдарын зерттеп жатырмын, бақытыма орай, университет аумағының егжей-тегжейлі қолжетімді сызбасы маған қатты көмек болды. Университеттің масштабы бір шабуылшыға арналмаған, сондықтан егер дереу эвакуациялау басталса және ғимараттарда адам қалдырылмаса, онда көбісінің аман қалу мүмкіндігі бар. Ертең кірісемін, бір қызығы бойымда ешқандай қобалжу жоқ, ертең әдеттегі күн сияқты, сол бір қарбалас, тоқтаусыз дүние, әдеттегідей. .. Мен өзімді жек көремін, бірақ менің жолыма тұрғандардың барлығының да жүрегін ауыртқым келеді", делінеді жазбада.

Қазір бұл жазба жойылған.

20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті ғимараттарының бірінің аумағында студент айналасындағыларға оқ жаудырды. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты деректер әлі жарияланбады. Шабуыл жасаушы анықталып, ұсталды. Ұстау кезінде қарсылық танытқан ол жараланды, - деді Светлана Петренко, Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін