Мен Павлодар облысынан шыққан танымал адамдардың бірегейімін – Меруерт Түсіпбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен Павлодар облысынан шыққан танымал адамдардың бірегейімін – Меруерт Түсіпбаева

Мен Павлодар облысынан шыққан танымал адамдардың бірегейімін – Меруерт Түсіпбаева

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева туған өңірі – Павлодар облысындағы шенеуніктердің өзіне қысастық жасап жатқанын мәлімдеді. Соның кесірінен ол қазір бұл аймақта мүлдем өнер көрсетпейтін болған.

  • 30 Қараша 2017
  • 1970
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әнші КТК жаңалықтарындағы тікелей эфирдегі сұхбат кезінде айтты.

«Сіздің сұрағыңызды (сұраққа жауапты – ред.) Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен бастамақпын. «Балам деген жұрты болмаса, халқым деген бала қайдан шығар» деген екен. Мен өзім Павлодар облысының тумасымын. Бүгінгі күнге дейін Павлодар облысынан шыққан көп әнші жоқ… Осы Павлодар облысының мәдениет басқармасының бастығы Сәрсенбаева Айнұр Мақсұтқызы да маған келгелі бері қысым көрсетіп жатыр. Мен де бармаймын Павлодар облысына. Неше түрлі концерттері өтеді, бірақ мені шақырмайды. Шақырмауға себеп болған жайт – осыдан үш жыл бұрын ба екен, маған осындай бір елең-алаң уақытта өзі хабарласып (көмекшілері жоқ па екен білмеймін), «Меруерт, ертең Баянауылда Шәкен Аймановтың ескерткіші ашылады. Ертең сағат кешкі бесте кел» деді. Сонда бір тәуліктің ішінде Баянауылға жетуім керек» дейді Меруерт Түсіпбаева.

Яғни әнші мәдениет басқармасы басшысының ертерек айтпай, тура тақалғанда шақырғанына ренжіген. Содан бастап арада араздық туса керек.


«Сәрсенбаева бетіне айтып тастағаннан кейін маған көзқарасы осындай болды. Мен қазір мүлдем Павлодар облысына шақырылмаймын, бармаймын. Мен Павлодар облысынан шыққан танымал адамдардың бірегейімін» деді әнші.

Сұхбатын нақыл сөзбен бастаған ол «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» деген мақалмен ойын түйіндеді.

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева атын атаған Айнұр Сәрсенбаева – Павлодар облысы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы. Ал Баянауылда белгілі режиссер Шәкен Аймановқа ескерткіш 2015 жылдың қазан айында орнатылған.

Соңғы жаңалықтар