"Мен қатты қаладым, бірақ біз үлгермедік": Ләйлә Сұлтанқызы қызды болуды армандағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен қатты қаладым, бірақ біз үлгермедік": Ләйлә Сұлтанқызы қызды болуды армандағанын айтты

"Мен қатты қаладым, бірақ біз үлгермедік": Ләйлә Сұлтанқызы қызды болуды армандағанын айтты

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қызды болуды армандағанын айтты. 

  • 17 Қараша 2023
  • 121
Фото - Caravan.kz

Журналист бұл арманын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен әлеуметтік желіге салып жүрген қыз, менің марқұм ағам дүниеден өткеннен кейін дүниеге келген алтыншы баласы. Ол қыздың есімі — Мәриям, қазір үштен асты. Мәриямның атына сай, мен қор аштым. Ол қорда бала сүйе алмай жүрген отбасыларға тегін эко жасаймыз. Қазіргі таңда 20-ға жуық отбасыға көмектесуге ниетіміз бар, қазір біздің бағдарламада 14 отбасы бар. Соның жартысынан көбінің аяғы ауыр. Осыған дейін мен екі жылдай эко-орталыққа барып жүргенде неше түрлі отбасыны көрдім, жылаған ер азаматтарды көрдім. Соның бәрі жүрегіме батты. Экоға миллиондап қаражат жұмсауға бәрінің жағдайы жоқ. Бір отбасына көмектесіп көрсек қалай, екі отбасына көмектесіп көрсек қалай деп Салтанат Байқошқароваға айттым. Ол кісі бірден қолдай кетті. Былтыр біз 5 отбасыға эко жасауға көмектестік. Мен өте қатты қызды болуды қаладым. Құдайдың жазғаны ғой, біз үлгермедік", — дейді ол. 

 

Соңғы жаңалықтар