"Мен құсап мұхиттың жағасында кокосты сіміріп, демалып отырғаныңызды елсететіңіз": Қарақат Әбілдина - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен құсап мұхиттың жағасында кокосты сіміріп, демалып отырғаныңызды елсететіңіз": Қарақат Әбілдина

"Мен құсап мұхиттың жағасында кокосты сіміріп, демалып отырғаныңызды елсететіңіз": Қарақат Әбілдина

Танымал әнші, көп балалы ана Қарақат Әбілдина Мальдив аралында үлкен ұлымен демалған суреттерін жариялады. Сонымен қатар, әнші жас аналарға өздеріне көңіл бөлуге шақырды.  

  • 25 Қараша 2021
  • 309
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Әнші Қарақат Әбілдина демалыс кезінде отбасылық өмірі жайында қызықты кезеңдеріндегі жазбалар жариялады.

Бөпелері бар жас аналарға бала қатайғанша болатын қиыншылықтардың бәрі уақытша екенін айтып, әпкелік кеңесімен бөлісті. 

"23 жыл — отбасы болғанымыз. Осыншама жыл отасқанда алғаш жалғыз шығуым дедім ғой. Жалғыз да емес, үлкен ұл бар жанымда. Ми тынығып, бой сергіп, демалып қалды. Әйел адам, әсіресе жастары жақын майда балалары бар аналар шаршайды. Оңай емес. Өзімнен өткізген соң білем. Көмекшім болғанмен ол да жалғыз. Үлкен үй. Көп бала… Қайбіріне жетсін! Талай-талай ұйқысыз таңдар атырып, көз іскен, қабақ түскен түрмен барып, макияжға да ептелмейді, сыр білдірмей сахнада күліп ән салып, қайтып кеп тағы күйбең тірлікке күмп берген күндер көп болды.
Несін айтайын.

Қыздар! Баласы жас, бөпесі бар сіңлілерім, тұрмысқа тұтылып, түтіліп, жұтылып кетпеңіз дегім келеді. Көп тірліктің арасынан өзіңізге 1 сағат, болмады 15 минут тауып бір шыны шәйді тыныштықта ішіңіз. Жүйкеңізді, өзіңізді сақтаңыз. Бәрі уақытша ! Бұл да бір өтпелі кезең. Уақыт жылжиды, бала өседі. Мынау мен құсап теңіз не мұхиттың жағасында кофе ішіп, кокосты сіміріп, демалыыып отырғаныңызды бір елестетіп алыңыз да, алға ! Мықтысыздар!
Дұрыс айтам йә!, деп жазды әнші. 

Қарақат ханымның Қыдырәлі ағамыздан бөлек қыдырғанын да оқырмандар
сөз етті
.

 

Соңғы жаңалықтар