"Мен шоу-бизнесте не істеп жүрмін": Баян Мақсатқызы "Ұйқым келмейді" әнін мазақ қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен шоу-бизнесте не істеп жүрмін": Баян Мақсатқызы "Ұйқым келмейді" әнін мазақ қылды

"Мен шоу-бизнесте не істеп жүрмін": Баян Мақсатқызы "Ұйқым келмейді" әнін мазақ қылды

Кешелі бері әлеуметтік желіні шулатқан “Ұйқым келмейді” атты ән белгілі продюсер Баян Есентаеваның құлағына да жетіпті.

  • 14 Шiлде 2022
  • 198
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол өзінің инстаграм парақшасында Алина Шакиеваның орындауындағы жаңа әнді орындап, би билеп бейнежазба жариялаған.

Көңілді видеоның астында “Это не хит, это шлягер!” Зачем я работаю в шоу-бизнесе?” деген жазба қалдырыпты. Талантты әншілердің бағын ашып үйренген Баян Мақсатқызына ән де, әнші де ұнамай қалса керек.

Ал, әнші Алина 17 жыл Ресейде тұрып Қазақстанға көшіп келген екен. Бірақ, көпшілік арасында әншінің акценті, орындау шеберлігінен бөлек, әннің мәтіні де көп кері пікір туғызды.

Келемежге айналған бейнеклип екі күннің ішінде бес жүз мыңға жуық қаралым жинап үлгерді.