Мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын - Димаш Құдайберген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын - Димаш Құдайберген

Мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын - Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген халықтың сұрағына жауап берді. 

  • 5 Ақпан 2020
  • 120
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Евровидение байқауына Ресейдің атынан қатысады деген қауесетке Димаш жауап қатты.

"Құрметті достар, Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мумкiн. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын. Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным — Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің "Арнау" атты жеке концерттік турнемде кездескенше!", деп барша оқырмандарына түсінікті болу үшін 3 тілде жазды.

Әр ұлттан әр тілде 8 мыңнана аса оқырман ризашылықтарын білдірді. "Біздің мақтанышымыз", "Жарайсың! Алтын бала!", "Нағыз патриот жансыз, Аллам тіл көзден сақтасын!", "Қазақ деген жүрегіңнен сенің соққан" деген түрлі ризашылық тілек-пікірлер жазылды. 


Айта кетейік, Димаш алдағы үш айда 11 елде өнер көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар