Жарияланды: 7100

"Мен үшін Алматыға көшіп келген болатынбыз" Айкерім Қалаубаева 'Мəдениет саласының үздігі' төс белгісімен марапатталды

"Мен үшін Алматыға көшіп келген болатынбыз" Айкерім Қалаубаева 'Мəдениет саласының үздігі' төс белгісімен марапатталды

Танымал əнші Айкерім Қалаубаева "Мəдениет саласының үздігі" төс белгісімен марапатталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Өнердегі алғашқы баспалдақтарын есіне алған əнші тыңдармандарымен, өнерін қолдап жүрген жақын жандарына ерекше алғысын білдірді.

Ол өзінің инстаграм парақшасында:

"Бұл бір күтпеген тосын сый болды...
Менің өнер жолындағы тарихым...
Кентау қаласында өткен ”Әнші балапан" байқауынан жеңіп шыққан бойда, 1996-шы жылы отбасымызбен МЕН ҮШІН Алматыға көшіп келген болатынбыз. Содан соң, ата-анам Алматыда өтетін барлық концерттік бағдарламалардан қалдырмауға тырысты! "Әнші балапан","Айналайын"тағысын тағы. Есесіне Анам өнерімді шыңдау үшін Алматы хореография училищесіне яғни, Қазақстан бойынша (ол кездегі) ең профессионалды БАЛЕТ мектебіне оқуға түсірмекші болғанда:”Қызыңыздың табиғаты келмейді!","мына жері қысқа","ана жері ұзын","расположена к полноте"- деп миллион себеп айтып тастады-ау 9-жасар қызының адресіне. Анам мойымады! 1-жыл МЫҚТЫ МАМАНДАРДЫҢ дайындауымен әйтіп-бүйтіп,ұнын-қантын беріп жүріп (ол кезде анамның базарда 4-точкасы болатын) ,не керек мені "УСЛОВНЫЙ ВАРИАНТПЕН» оқуға түсіреді. "Условно"-деген,жарты жылдағы көрсеткішің нашар болса,училищеден "фітуууң" ете қаласың. Намыс жіберсін ба?!Бірінші жарты жылдық емтихандағы ең жоғарғы баға "3+"-тан басталатын,оның өзі ЕҢ "лидерлерге"қойылатын! Енді ата-анамның еңбегін ақтауым керек қой деп,сыныптағы 10-қыздың екеуі ғана "3+" алса,соның біреуін МЕН иелендім! Сол күннен бастап мүмкіндігінше жоғарғы бағаларды ләжі болса өзгелердің қанжығасына байлатпауға тырыстым! Шыны керек, АХУ-ға түскелі балалығымды ұмыттым! Бірақ,2004-ші жылы "Үздік оқушы"-атанып, "Балет әртісі" мамандығына ие болғанымда барлық қиындық ұмытылды! Рахмет, Бақыт Желеуовна!(анам ғой) АХУ-да(Алматы Хореография Училищесінде)оқып жүріп, әншілік өнерін жалғастырдым. Бұл жолы ән мен биді ұштастырып өнер көрсете бастадым.
14-жасымнан бастап,алғаш рет Серік Аббас-Шах ағамның:-"кішкентай ғой әлі"-демей, қолдауының арқасында “Хабар” телеарнасындағы өздеріңізге танымал “Ұят болмасын","Біздің көшенің тұрғындары" сынды қызыққа толы бағдарламаларда бой көрсете бастадым.
Содан соң, есе келе, жас қоса "ХАБАР" телеарнасындағы әскери-патриоттық "Айбын","Аймақтар аламаны", "Жаңа күн" ,сонымен қатар ҚАЗАҚСТАН" ұлттық арнасындағы Қуаныш Сұлтанұлы ағамыздың бастауымен ”Мен қазақпын!" мега жобасы сынды біраз елге танымал жобалардың, бағдарламалардың жүргізушісі болдым! Шүкір!" - деп жазба жариялады.

Əншінің желідегі оқырмандары мен бір қатар əріптестері жылы лебіздерімен тамаша тілектерін білдірді.

"Айгерім сен төс белгісіз ақ мойындатқан əншісің", "Құтты болсын лайықтысыз", "Енді бергендері болмады, баяғыда беру керек еді. Бірақ халқыңыз жақсы көріп тұрғанда ештеңе маңызды емес қой. Құтты болсын" -деген пікірлер жазды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін