"Мен үшін бірінші орын деп білемін": Димаш Ержан Максимді жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен үшін бірінші орын деп білемін": Димаш Ержан Максимді жеңісімен құттықтады

"Мен үшін бірінші орын деп білемін": Димаш Ержан Максимді жеңісімен құттықтады

Әлемге әйгілі Димаш Құдайбергенов "Junior Eurovision" халықаралық ән байқауында жеңіске жеткен Ержан Максимді жеңісімен құттықтады.

  • 25 Қараша 2019
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әнші instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Құлыншақ, жеңісің құтты болсын! Екінші орын емес мен үшін бірінші орын деп білемін! Жарайсың балапан", — деп жазды Димаш Құдайбергенов.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максим "Junior Eurovision" халықаралық ән байқауында әр елдің қазылар алқасының дауысы бойынша, 148 дауыс жинап бірінші орынға ие болған еді. Ал қазылар алқасы мен көрермендердің ортақ ұпайымен отандасымыз екінші орынға ие болды.

Қазақстандық жас әншіге Грузия, Белоруссия, Уэльс, Польша, Украина, Нидерланды, Сербия елдері ең жоғарғы 12 ұпай берді. Ал көршілес Ресей елі Қазақстанға 8 балл берді.


Отандасымыз бұл байқауда "Арманнан қалма", — атты әнімен еліміздің намысын қорғаған болатын.

Соңғы жаңалықтар