Жарияланды: 170

"Мен үшін Ержан жеңімпаз": Димаш Ержан Максимге қолдау білдірді

"Мен үшін Ержан жеңімпаз": Димаш Ержан Максимге қолдау білдірді

"Голос дети" музыкалық байқауында екінші орынға ие болған Ержан Максимге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенов қолдау білдірді.

Бұл туралы ол instagram-дағы парақшасында жазды.

"Бауырсақ бала! Сенің финалда көрсеткен өнеріңді тамашалап шықтым. Қазағымның бағына біткен баласың. Жеңісің құтты болсын, Ержантай! Алар асуларың көп болсын. 100 миллионнан астам халықтың арасынан 2 -орын алу деген өте үлкен жетістік. Бірінші орынды қыз балаға жігіттік танытып бере салғаның да дұрыс болды. Нағыз джентельмен сондай болады! Барлық қатысқан бүлдіршіндерді құттықтаймын. Бірақ мен үшін Ержантай жеңімпаз!", - деп жазды Димаш Құдайбергенов.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін