"Мен - заңды әйелімін": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінен қалған мұраның неше адамға бөлінетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен - заңды әйелімін": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінен қалған мұраның неше адамға бөлінетінін айтты

"Мен - заңды әйелімін": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінен қалған мұраның неше адамға бөлінетінін айтты

«Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында тележүргізуші, қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің мұрасының бөліске түсетінін айтты.

  • 1 Қазан
  • 103
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол соңғы жылдары қатты өзгергенін жасырмады. Марқұм күйеуін сағына көз жасын ұстай алмады.

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің мұрасы балалары арасында қалай бөлінетіні жаййында былай деді:

Шын мәнінде өсиет хат болған жоқ, заң бойынша алты ай көлемінде күтеді. Яғни басқа балалары бар ма, болса, олар дәлелдеу керек деген сияқты. Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес адам болды: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі – мен. Яғни қандай мүлік болсын, ол алты адамға бөлінеді. Екі үлкен ұл мен қыз екі кішкентай інісіне еншілерін берді ме деп сұрайды, жоқ, берген жоқ. Мен оларды түсінемін, себебі олар да Қайрекеңнің балалары, қалыптасқан тұлғалар. Бір қызығы, ешқандай дүние-мүлік қалған жоқ, бірақ некеде жиналған кез келген дүние-мүлік балаларға теңдей бөлінеді, — деді ол.