"Мені қаншалықты сағынғанын істеген тамағынан білемін": Гүлзира Айдарбекова қай келіні жылы қабақпен күтіп алатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мені қаншалықты сағынғанын істеген тамағынан білемін": Гүлзира Айдарбекова қай келіні жылы қабақпен күтіп алатынын айтты

"Мені қаншалықты сағынғанын істеген тамағынан білемін": Гүлзира Айдарбекова қай келіні жылы қабақпен күтіп алатынын айтты

Продюсер жанұяның қадірін білу үшін алыс жолға шығып тұруға кеңес берді.

  • 18 Ақпан
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Гүлзира Айдарбекова сапардан келгенде келіндерінің істеген тамағына қарап өзін қаншалықты сағынғанын білетін көрінеді.

Продюсер өзін жылы қабақпен күтіп алған кіші келініне алғысын жаудырды.

«Жылы ұяңның қадірін білу үшін ұзақ жолға шық. Келіндеріме әзілдеп егер де мені шын сағынсаңдар, арнайы не дәм дайындадыңдар дастарханға қарап білетін боламын деп айтқан болатынмын. Әзірге қолдан ыстық нан, бауырсақ, шәйға қолдың сүтінен бастап, салаттарға дейін өз қолдарымен дайындап күтіп жүр. Лайым осы қалпынан таймасын деп тілейік. Күлімдеп келінің жылы қабақпен күтіп жатса, үйдің шамшырағы емей немене?! Келінжан, ата-енеге деген құрметің өзіңе еселеп қайтуын нәсіп етсін, Индира», — деп жазды ол Instagram stories-те.