"Мені шығарып жіберді": Қарттар үйінің былығын әшкерелеген кейуана пойыздың астына түсіп өлетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мені шығарып жіберді": Қарттар үйінің былығын әшкерелеген кейуана пойыздың астына түсіп өлетінін айтты

"Мені шығарып жіберді": Қарттар үйінің былығын әшкерелеген кейуана пойыздың астына түсіп өлетінін айтты

 Астандағы қарттар үйінде қатқан нан мен көгерген ет беретінін айтқан кейуананы қарттар үйінен шығарып жіберген.

  • 24 Мамыр 2023
  • 263
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Халық үні" бағдарламасына берген сұхбатында айтты,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қарттар үйіндегі шындықты айтып сұхбат бергенім үшін мені қуды. Асхандағы орнымды алып қойды, он күндей сырттан өз ақшама тамақтанып жүрдім. Мені қыспаққа алатын, үнемі мен кінәлі болып қалатынмын. Шындықты жақтырмайсыңдар ғой дегенімде қайда барсаң сонда барып айт деді. Маған жалған ақпарат бердім деп айт, қазақ халқынан кешірім сұра деді. Мен өтірік айтпаймын, Алладан қорқамын. Сол үшін мені шығарып жіберді, кешкі 6 дейін заттарыңызды алып кетіңіз деді. Менің ешкімім жоқ. Ата-енем, әке-шешем, ағам, жолдасым бәрі зиратта жатыр. Мен пойыздың астына түсемін, өзіме қол жұмсаймын. Менің жағдайым жоқ", — дейді Айжан Ахметова . 


 

Соңғы жаңалықтар