«Мені танымайтындар аузына келгенін оттай беруі мүмкін» Ермахан Ибраимов теріс пікір жазғандарды көре алмайтындар деді - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мені танымайтындар аузына келгенін оттай беруі мүмкін» Ермахан Ибраимов теріс пікір жазғандарды көре алмайтындар деді

«Мені танымайтындар аузына келгенін оттай беруі мүмкін» Ермахан Ибраимов теріс пікір жазғандарды көре алмайтындар деді

Олимпиада чемпионы, мәслихат депутаты Ермахан Ибраимов өзін қызғанатындар неше түрлі жағымсыз сөздер айтуы мүмкін екенін айтты.

  • 22 Ақпан 2021
  • 2005
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Белгілі боксшымен болған сұхбат сайлау кезінде болған келеңсіз оқиғаны еске алумен басталды.

Қай кезден бастап вспышка болды?

— Мен қап-қара маскада тұрдым, сонда да мені ел танып қойды. Бәрібір тұра бердім, таныды-ау деген кезде қастарына бардым. Олар айтады «Ермахан бізді ұруға келді» деп, сөйтіп екі әйел мені көкірегімнен итерді. Ана жақтан біреулер «Ермахан кет, сен оңбағансың, халықтың сатқынысың» деп мен бір ауыз сөз айтпай жатып жабыла бастады.

Қай сөз намысыңызға тиді?

— «Намысыма тиді» деген сөз, сен Нұр Отан партиясының құйршығысың, сен солардың сөзін сөйлейсің сен халқыңды саттың дегені.

— Нұр Отан партиясының мүшесі екеніңіз рас қой.

— Иә, Нұр Отан партиясының мүшесімін. Партияның бағдарламасы бар. Одан біз асып кетпейміз. Бірақ бірінші кезекте өзіміздің сайлаушылардың сөзін сөйлеуіміз керек. .

Олар сайлаушыларыңыз ғой сіздің?

— Маған дауыс берді деп ойламаймын.

Сізге дауыс бермейді ғой, ол жерде партияға дауыс береді ғой

— Жоқ, партияға дауыс береді, бірақ сол айқайлап тұрғандардың Нұр Отан партиясына дауыс бергені бермегені екіталай.


Осы әрекетіңіз арқылы тарихта қателік жасадым, Ермахан деген атыма кір келтірдім-ау деген өкініш сезімі жоқ па?

— Енді қазір заман солай,әлеуметтік желі солай, ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсыз. Қазақстанда 18 млн халық болса, 18 млн пікір бар. Енді мені танымайтын адамдар аузына келгенін оттай беруі мүмкін. Кімнің ішінде қызғанышы бар, "Ермахан Ибраимов осындай дәрежеге жетті, көтерілді, біз жерде қалып қойдық" деген қызғаныш сезімі бар, солар  отрицательный (жағымсыз) сөздер айтатыны сөз жоқ. Ал кім мені таниды, қандай адам екенімді біледі, олар ешқашан ондай сөздер жазбайды.

Ермахан Ибраимовтың айтуынша, Олимпиада чемпионы болу, мәслихат депутаты болу қызғаныш боларлық нәрсе екен.