Менің аяғым ауыр … дейтін күн алыс емес - Ләйлә Сұлтанқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Менің аяғым ауыр … дейтін күн алыс емес - Ләйлә Сұлтанқызы

Менің аяғым ауыр … дейтін күн алыс емес - Ләйлә Сұлтанқызы

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің оқырмандарына ерекше ақпаратпен бөлісті.

  • 19 Наурыз 2022
  • 35247
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Тележүргізуші желідегі парақшасында бала сүйе алмай жүрген жандарға арнайы орталық арқылы жәрдем еткісі келетіні туралы жазды. 
"1 келіншекке тегін ЭКО жасап бергіміз келетінін айтып та, жазып та жүрдім.
1,5 ай ішінде жалпы 202 қатысушы 408 өтінім жіберіпті ( 50 келіншек 3-4 рет жіберген).
202 қатысушының ішінде талаптарға сай: жасы 45-ке дейін, тұрмыста, баласы жоқ. Квотаға ілінбеген. Өзі туралы толық ақпаратты және барлық анализдерін жіберген 17 келіншек қана болды.

Білікті дәрігерлер 23 наурыз күні жиналыс өткізеді. 28 наурыз күні нәтижесін жариялаймыз!!!
Біз 202 келіншектің бәріне көмектескіміз-ақ келеді, өкінішке қарай қолымыздан келмейді", деген ақапартпен бөлісті. 

Оқырмандар Ләйлә Сұлтанқызының мұндай жәрдеміне алғыстарын білдірді. 

 

Соңғы жаңалықтар