әлеуметтік инвестициялар Бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырып жатыр.
Қазіргі уақытта «Менің елім» бағдарламасының аясында Қормен келесі жобалар іске асырылып жатыр: «Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық турын ұйымдастыру, «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту, «Шебер» — балалар үйінің түлектерін оқыту және жұмыспен қамту, «Күншуақ» балалар лагерін арнайы құралдармен жабдықтау және өңірлерде әмбебап спорт және ойын алаңдарын орнату обасы.
Сонымен қатар, Бағдарлама шеңберінде Жаңаөзен қаласындағы 10 жалпы білім беру мектебін компьютерлермен жабдықтау жоспарланған.
«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын жобалардың жалпы сомасы 3 175 503 828 теңгені құрайды.
«Туған елге саяхат» — бұл 12 мен 15 жас аралығындағы балаларды өздерінің мәдениетіне, патриотизмді дамытуға және оларды заманауи өмірдің алуан түрлілігімен қызықтыруға бағытталған Қазақстан бойынша экскурсиялық турлар ұйымдастыру. Жаз мезгілінде арнайы пойызда 600 балас еліміздің әдемі жерлеріне барып, көрнекті орындарымен танысады. Пойыз бағдары Астанадан басталып, Байқоңыр, Алакөл, Түркістан, Алматыны басып өтеді.
«ӘРЕКЕТ» жобасы Қазақстанның 8 өңірінің коммерциялық емес ұйымдары арасында әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға
бағытталған. Жобаға қатысу үшін іріктелген коммерциялық емес ұйым өкілдері жетекші бизнес-тренерлерден тегін оқыту алады. Тренинг соңында үміткерлерді ең қызықты нәрсе күтеді – олар өздерінің бизнес-жобаларын қорғайды. Олардың ішіндегі ең үздік деп танылғандары әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 500 000 теңге көлемінде грант иеленеді. Бұдан бөлек, грант ұтып алғаннан және өз ісін ашқаннан кейін 9 ай бойы өз кәсіпкерлігін сәтті жүзеге асырған бір коммерциялық емес ұйымға 1 000 000 теңге көлемінде қосымша қаражат табысталады.
Орал қаласының балалар үйінің түлектерін сұранысқа ие кәсіпке — тігу ісіне үйрету және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру — «Шебер» жобасының басты мақсаттты болып табылады. Жоба барысында балалар үйлерінің түлектерін тігін бизнесіне оқытудан басқа, құқықтық мәселелер және жеке бизнес құру мәселелері бойынша жеке консультациялар ұйымдастыру, сондай-ақ жобаға қатысушыларды бір уақытта оқуға және табыс табуға үйрету мүмкіндігін беретін практикалық жұмыстар жүргізу
жоспарланған.
Ақтөбе облысында «Күншуақ» балалар лагері де өз жұмысын бастады. Жоба әр баланың жеке қабілеттерін анықтауға арналған бірегей білім кеңістігін құруды көздейді. Қайырымдылық көмек қаражатының есебінен лагерьдің тұрғын корпустарында сенсорлы комнаталар, Монтессори кабинеттерін, жұмсақ бөлме, ЕДК кабинетін және ойын аймағын салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы өңірлерде әмбебап балалар ойын алаңын орнатуды қарастырады. Жалпы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында барлығы 41 алаң орнатылады. Бұдан басқа, Жаңаөзен қаласында 10 workout алаңы салынады.
Анықтама
«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартыға бағытталған. Бағдарламаны өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жергілікті қауымның өмір сүру сапасының жоғары стандарттарына, яғни, әлеуметтік ортаға, білімге, мәдениетке және спортқа қолжетімділігін арттыру жолдары арқылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.
«Менің елім» бағдарламасы Қордың компаниялар тобы бар аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар сериясын біріктірді, онда еншілес ұйымдар қала құрушы компаниялар болып табылады. Бағдарламаның басты миссиясы өңірлердегі халықтың өмір сүру сапасын Астана және Алматы қалаларының деңгейіне дейін көтеру.