"Менің Қайратым десең жағың түсіп қала ма": Қайрат Нұртасты туған күнімен "суық" құттықтаған Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да елден оңбай сөз естіді - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 447.89
  • 476.78
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Менің Қайратым десең жағың түсіп қала ма": Қайрат Нұртасты туған күнімен "суық" құттықтаған Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да елден оңбай сөз естіді

"Менің Қайратым десең жағың түсіп қала ма": Қайрат Нұртасты туған күнімен "суық" құттықтаған Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да елден оңбай сөз естіді

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас кешелі бері туған күнін атап өтуде.

  • 26 Ақпан
  • 13370
Фото - Caravan.kz

Әншіні құттықтағандар арасында жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова да бар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Жұлдыз Әбдікәрімова жан жарын өзінің желідегі парақшасында құттықтауды жөн көрген.

"Халықтың, сахнаның, ағайынның ҚАЙРАТЫ, туған күніңмен! Өнерің, еңбегің өмір бойы әлдилесін. Абыройың асқақтап, балаларың үшін мақтаныш болуды нәсіп етсін. Тілерім, тура жолдан адастырмай, басыңнан бағың таймай, әдемі қарттық болсын. Тыңдарманның қошеметі кемімесін. Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарың қасыңнан табылсын! Сыйлаймын!", — деп жазған ол. 

Десе де, актриса "сүйемін" деп жазудың орнына "сыйлаймын" деп жазып, елдің қызу тадқысына түсті. Көпшілік жұлдызды жұптың арасы бірнеше жылдан бері суығанын айтып, түрлі пікірлерін жаудырып жатыр. 

Олар әсіресе жолдасын "суық" құттықтаған Әбдікәрімованы жаппай сынның астына алған. 

"Пышақсыз сойған екенсіз! Қайраттысың, қайсарсың Жұлдыз! Осы мінезің нағыз әйелдің бейнесін көрсетеді! Респект", "үйе ме, сүймей ме? Менің Қайратым дей ме, демей ме? Кімге, қандай ауыртпалығы тиіп жатыр?!", "Менің Қайратым десең,жағың түсіп қала ма?", "Мамасының Қайрошы ғой), сол күйі төрт баласына жауапкершілік ала алмай, әлі отыр мамасының қасында", "Сол ғой осы неге өзінше болады", "Бірге түрмаса несіне сүйемін деп жазады", "Құтты болсын! Бір салқындық бар тілекте реніш", "Көрмеген қорлығы қалмады, әр түрлі измена әр түрлі қыздар. Оған шыдау мүмкін емес, ақша байлық мансап деген түкте емес, жарың адал болмаса" деп жазды олар. 

Соңғы жаңалықтар