Жарияланды: 440

"Менің уақытым болды балам", - деді: Тоқтар Серіков әкесін еске алып, көзіне жас алды

"Менің уақытым болды балам", - деді: Тоқтар Серіков әкесін еске алып, көзіне жас алды

Танымал әнші Тоқтар Серіков әкесін еске алып, көзіне жас алды.

Әнші Анна Данченконың "Талантым - Тағдырым" бағдарламасында әкесіне деген сағынышы туралы айтып, көзіне жас та алды.

"Ол кісінің өмірден өтетінін білген жоқпын. Ол кісі көп нәрсені жұмбақтап айтатын. Оны кейін "мынаны айтқан екен ғой, ананы айтқан екен ғой", - деп түсіндім. Күнде әкемнің қойнына барып жатамын, құшақтаймын. Ол кісі арқамнан құшақтайды, сүйеді. Маған ауыл туралы айтады, әңгімеміз ауыл туралы болатын көбінесе. Сол күні әңгімеміз кілт өзгеріп, ауыл туралы емес бірден өмір туралы әңгіме басталып кетті. "Құдайға шүкір бақыттымын, арқамнан құшақтап, желкемнен сүйді. Маған ризашылығын білдіріп жатқанын білдім. Содан "Балам, бұл аурудың емі жоқ. Егер емі болса, таппайсың ба сен жүгіріп жүрсің ғой. Бұл Алладан келген ауру ғой, алып кетейін деп тұр ғой. Ешқандай өкпем жоқ, құстың сүтінен басқа бәрін бердің ғой. Менің артымнан жылап бара жатқан кішкентай бала жоқ, бәрің есидіңдер, ер жеттіңдер. Аманшылық болса, осының барлығын иіріп алып кететін сенсің ғой", - деді әкем. Мен естімегенсіп "Қойшы әке", - деп жаттым. Әкем сол кезде менімен қоштасып тұр екен мен оны білген жоқпын. Келесі күні әкем кеспе көже жасатты, бәрімізге қарап көңілді отырды. Тамағын толықтай ішпеді, жартылай ішіп "Мен тойдым", -деді. Содан Алла тағала бәрімізді жинатып алды. Әкем диванға барып отырды да бетіме қарап "Мен болдым", - деді. Түсінбей "Болдымы несі", - деп бетіне қарап едім "Менің уақытым болды балам", - деді. Інім желдеткішпен желпіп тұр еді, маған өзің желпітші деді. Сонымен мен желпідім, содан маған ымдады, содан тілі байланып жатыр екен. Содан оң жақ құлағына келдім де, кәлиманы айттым. Әкемді құшақтап тұрып, содан әкем кетті", - деп айтты Тоқтар Серіков.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін