Менингит ауруы Атырауға жетті ме – денсаулық сақтау мамандары жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Менингит ауруы Атырауға жетті ме – денсаулық сақтау мамандары жауап берді

Менингит ауруы Атырауға жетті ме – денсаулық сақтау мамандары жауап берді

Соңғы үш жылда Атырауда менингит оқиғасы тұрғындар арасында тіркелген жоқ.

  • 31 Мамыр 2018
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

"Менингит ауруы бойынша соңғы рет 2015 жылы 9 факт тіркелді. Аурудың басталуына тоқталар болсақ, ауру жұққаннан бастап бірінші күннен он күнге дейінгі аралықта ауру белгілері пайда болады. Адам аурудың алғашқы күндерінен бастап басқа адамдарға жұқтыратындықтан, ерте алдын алу өте маңызды. Сондықтан, жүзу бассейні, жабық бөлмелерде өтетін үлкен іс-шараларға кіру кезінде өзіңізге қараңыз. Намаз оқу кезінде мешіттерге барғанда маска кию керек. Осылайша өзіңізді қорғауға болады", –дейді Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уайсов. 

Қазіргі уақытта барлық медициналық ұйым (емханалар) күн сайын таңертеңгі 8-ден кешкі 20:00 -ғе дейін жұмыс істейді. Инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде 103 жедел жәрдем қызметіне немесе жергілікті дәрігерге хабарласу қажет.

"Жұқпа ауамен, жөтелмен, сөйлесу жолдары арқылы таралады. Əлсіздік пен арқадағы және аяқтардағы ауырсыну арқылы ауру белгісі белгілі болады. Науқас шөлдеп, тәбеті азаяды. Егер 6-15 сағаттан кейін бас ауруы, құсу, бөртпе байқасаңыз, температура 39-40° C-қа дейін жетсе, онда бірден дәрігерге хабарласыңыз. Өз-өзіңізді емдемеңіз! Сондай-ақ, ауру тұмау ауруы, тонзиллит т.б. аурулар сияқты жеңіл түрде жүруі мүмкін", – дейді № 2 облыстық аурухананасының бас дәрігердің орынбасары Надежда Ерғалиева. 

Айта кетейік, вакцинация шетелге баруға шешім қабылдағандар үшін ғана беріледі. Оны тек жеке клиникаларда алуға болады. Бүгінде Атырау қаласында құны 30 000-35 000 теңге тұратын 45 вакцинация  бар.


Оқи отырыңыз:

Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр

Димаштың шетелдік фанаттары Қазақстан қалаларын аралайды

Караокесінде шетелдік әндер қосқан астаналық кәсіпкерге 6 млн айыппұл салынды

 

 

Соңғы жаңалықтар