Менингит жұқтырған үш жастағы астаналық бала жиырма күннен астам Алматыда болған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Менингит жұқтырған үш жастағы астаналық бала жиырма күннен астам Алматыда болған

Менингит жұқтырған үш жастағы астаналық бала жиырма күннен астам Алматыда болған

Бас дәрігердің медициналық бөлім бойынша орынбасары Ольга Пушкарева науқастың жағдайы тұрақты деп отыр.

  • 30 Мамыр 2018
  • 32
Фото - Caravan.kz

Астанадағы инфекциялық балалар аураханасының дәрігерлері 29 мамырда менингококкты инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған 3 жастағы баланың жағдайын айтты, деп хабарлайды Today.kz.  

Бас дәрігердің медициналық бөлім бойынша орынбасары Ольга Пушкарева науқастың жағдайы тұрақты деп отыр. 

"Бала диагностиканың клиникалық протоколына сай ем алып жатыр. Түскен кезде арқа-ми сұйықтығына бактериологиялық тексеру жүргізілді. Баланың менингококкты инфекцияға шалдықққан адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталмады", – деді Ольга Пушкарева. 

Оның сөзінше, бұл – менингитке байланысты 2018 жылы болған Астанадағы алғашқы жағдай.

Бұрын баланың жан сақтау бөліміне түскені хабарланған еді. Алдын ала диагнозға сәйкес, ол менингиттің генерализдік түрі мен өткір менингококцемияға шалдыққан. Одан бөлек, баланың 18 сәуірден 23 мамырға дейін Алматыда болғаны анықталды, аурудың бірінші белгісі 27 мамырда пайда болған. 

Оқи отырыңыз:

Астанада үш жасар бала менингит дертіне шалдықты деген күдік туындады 

"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты 

Ерке Есмахан Астанадағы Open Air туралы: Ресейлік әншілердің ерекше ештеңесі жоқ

 

 

 

Соңғы жаңалықтар