"Менсіз-ақ алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін": Мөлдір Әуелбекова  КешYou-дың концертіне қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Менсіз-ақ алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін": Мөлдір Әуелбекова  КешYou-дың концертіне қатысты мәлімдеме жасады

"Менсіз-ақ алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін": Мөлдір Әуелбекова  КешYou-дың концертіне қатысты мәлімдеме жасады

Әнші Мөлдір Әуелбекова КешYou-дың мерейтойлық концертіне қатыспайтынын айтты.

  • 20 Сәуiр
  • 62
Фото: Instagram/moldir.auelbekova

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші осылайша, өнер жолындағы үлкен бір кезеңнің бетін жапқанын да жасырмады.

«Кешьюдің концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын.

Дегенмен, осы 22 жыл ішінде мен Мөлдір Әуелбекова деген атты қалыптастырып, түрлі кезеңдерден өттім: сахнада да, әртүрлі лауазымдарда да қызмет атқарып, бизнеспен айналысып, кей сәттерде өнерден алыстап, кейін қайта оралуға да үлгердім.
Менің өнер жолымның қалыптасуына үлес қосқан барша ұжымдарға, әріптестерге, жанымнан табылған адамдарға және ең әуелі өзімнің адал көрерменіме, халқымa алғысым шексіз.

Биыл өнерде жүргеніме 22 жыл, бұл аз да көп те емес, сол үшін бір есеп беру концертін беру менің міндетім. Сол үшін де концертімде жолыққанша менің тыңдарманым.

Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесейік», — деп жазды өнер иесі.