Mercedes әлемдегі ең қымбат автокөлік шығармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Mercedes әлемдегі ең қымбат автокөлік шығармақ

Mercedes әлемдегі ең қымбат автокөлік шығармақ

S-класындағы Pullman жаңа Mercedes автокөлігінің бағасы Rolls-Royce автокөліктерінің құнынан асып түсіп, 1 млн долларға жуықтайды. Олай болса, ол әлемдегі ең қымбат автокөлік атанбақ, деп хабарлады rbc.ru.

  • 26 Маусым 2014
  • 856
Фото - Caravan.kz

Автокөліктің комплектациясы мен техникалық көрсеткіштері туралы әзірге ақпарат аз. Компаниядағылар оның үш қатар орындығы болатынын, және ол нарыққа 2015 жылы шығарылатынын ғана айтты.

«Біз әлемдегі ең үздік автокөлікті шығармақшымыз», — деп атап өтті компания өкілі Диетр Зетхе.

Оның сөзіне қарағанда, осы көліктің 12 нұсқасы шығарылады. Ал олардың комплектациясы мен дизайны әралуан болмақ.