Мереке күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалай жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.55
  • 540.38
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мереке күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалай жұмыс істейді

Мереке күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалай жұмыс істейді

Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді

  • 30 Сәуiр
  • 2
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін хабарлады.

— Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді.

2 және 11 мамыр — кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00–ден 13:00–ге жұмыс істейді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00–ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00–ге дейін алып кетуге болады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін 1414 нөмірі арқылы білуге болады.