Мұнда жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынасқа мемлекеттің қалай араласытыны да атап көрсетілген. Жалпы, құжатқа қандай өзгеріс енгенін халық қалаулыларына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова түсіндіріп берді.
Кодекс 150 бапқа қысқарып отыр. Оған сай енді жұмысқа тұрған адамның басшысымен ақылдасып еңбек шартын өзіне ыңғайлы етіп толтыруына мүмкіндігі болмақ. Десе де, осы заң жобасының кәсіподақтар федерациясы мақұлдамай отырған тұстары да жетерлік. Ол – демалыс және мереке күндері істелетін жұмысқа қатысты. Яғни артық еңбек сағаттарына төленетін үстемақы енді азайтылуы мүмкін. Әрі жұмыс берушінің табысы азайып жатса, еш қиындықсыз қол астындағы қызметкерін қысқартып, зейнет жасына жеткен адамды жұмыстан шығарып жіберуіне болады.