Меруерт Түсіпбаева әншілерге салынған салыққа қатысты наразылығын білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меруерт Түсіпбаева әншілерге салынған салыққа қатысты наразылығын білдірді

Меруерт Түсіпбаева әншілерге салынған салыққа қатысты наразылығын білдірді

Сын айтып, барлығына әділ баға беруге тырысатын Меруерт Түсіпбаева тағы да шу шығарды. Бұл жолы ол шенеуніктердің шешіміне қарсы шықты.

  • 28 Тамыз 2018
  • 76
Фото - Caravan.kz

«Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» деген Түсіпбаева әртістерге салынатын салық турасында пікір білдірді. Өнер иесі сөз арасында шенеуніктеріміз әншілерге шүйліккенше, ел арасындағы басқа да мәселелерге мән берсе дейді. Сондай-ақ, өнер иелеріне тұсау салмауын сұранады. Ал атаулы заң күшіне енсе, көнуден басқа лажы жоқ, деп кесті әнші.

«Біз осы мемлекетте тұрамыз. Осы мемлекетте қабылданған барлық заңға бас ұруға, мойынсұнуға дайынбыз. Халық қалаулылары не айтса да көнеміз. Бірақ елде барлық мәселе бітіп, әншілер ғана қалған еді», – дейді Түсіпбаева.

2017 жылдан  бастап салық төлеуден жалтарған шоу-бизнес өкілдеріне заң күшейтілген болатын. Сондықтан кей әншілеріміз мемлекет қоржынын қампайтып жүр. 20 минутта бір миллион табатын Түсіпбаеваның әлі күнге дейін наразылығы жоғалмаған. Оған себеп те жоқ емес.

«Бізде мемлекетте мәселе көп. Ол жастардың жұмыссыздығы. Жұмыссыздықтың кесірінен қылмысқа баруы», – дейді әнші.


Статистикаға сүйенсек, елімізде 656 әнші заңды түрде тіркелген. Оның 443-і – жеке кәсіпкер, 213-і – заңды тұлға. Биыл жеке кәсіпкерлерден 55 миллион, заңды тұлғалардан 550 миллион, яғни 585 миллион теңге қаржы мемлекет қоржынына құйылған. Десе де табысын жасырып жүрген әншілер әлі де жетерлік.

Соңғы жаңалықтар