Меруерт Түсіпбаева “Ауырсаң өліп қалады деп жедел жәрдем шақыра беретінмін” - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меруерт Түсіпбаева “Ауырсаң өліп қалады деп жедел жәрдем шақыра беретінмін”

Меруерт Түсіпбаева “Ауырсаң өліп қалады деп жедел жәрдем шақыра беретінмін”

Әнші Меруерт Түсіпбаева Майамидағы ұлының туған күнімен құттықтап әлеуметтік желіге әсерлі жазба жариялады.

  • 12 Тамыз 2021
  • 539
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Балам, Нұрғиса 20 жасың құтты болсын! 20 жыл бұрын сен дүниеге келгенде, дәрігерлер мені жансақтау бөліміне жіберіп, сені әжеңнің қолына ұстатқан еді… Наркоздан ояна салып, сені іздегенмін… Мен сені алғаш көрген сәттен- ақ жанымдай жақсы көргенмін…. Бетіңе үңіліп , мааааа, шынымен мен ана атандым ба ? Мынау менің балам ба деп өзіме разы болғаным есімде…. Досым Толқын куә, сен сәл ауырып қалсаң, өліп қалады деп қорқып, #паника болып, жедел жәрдем шақыратынмын…. Уақыт қандай жүйрік…. 

Құдайдан бір, адамнан бір жалынып сұрап алған, көзімнің ағы мен қарасы, бір тал балам, жорытқанда жолың болсын!! Майами уақыты бойынша , сені ертең құттықтаймыз…Жақсы тілек көптік етпейді… Ең бастысы- аман бол!! Бақытты бол!! Өз жолыңды , өз бағыңды табуға нәсіп етсін!! Аллах жар болсын!!",-деп жазба қалдырды.

Әншінің оқырмандары Нұрғисаны туған күнімен құттықтап тілектерін жазды.

 

Соңғы жаңалықтар