Мешіттің ақшасы қайда?: Журналист елдегі өзге діни бірлестіктердің көмегі туралы сөз қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мешіттің ақшасы қайда?: Журналист елдегі өзге діни бірлестіктердің көмегі туралы сөз қозғады

Мешіттің ақшасы қайда?: Журналист елдегі өзге діни бірлестіктердің көмегі туралы сөз қозғады

Мешіттің ақшасы қайда кетіп жатыр деген сұраққа журналист Қуаныш Рахметоллаұлы пікір қалдырды.

  • 24 Сәуiр
  • 48
Фото: ашық дереккөз

Ол сондай-ақ су тасқыны кезіндегі мешіт қызметкерлерінің көмегі туралы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Су тасқыны елді-мекендерді басқан кезде, елімізде алғашқылардың бірі болып Мүфтият, аймақтардағы мешіттегі дін қызметкерлері зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмекті жинауды қолға алып, су тасқынынан қауіпсіз жерге бет алған жандарға мешіт есігін айқара ашып еді.

Көппен бірге бөгет салуға да, қапқа құм толтырып жатқан жандарға ас-ауқат жеткізуге де осы мешіттегі дін қызметкерлер ат салысып жатыр. Күнде еліміздің Батысы мен Солтүстігіне камаз, керек жарақтар, азық-түлік, қайықтарды да жіберуге имам-молдалар игі іске қайырымды жандарды біріктіру арқылы жүзеге асып жатқанын қалай жоққа шығарамыз.

Бірақ, біраз жандар осы істен де бір кемшілік іздеп жатыр екен. Ал мешіт, Мүфтият еліміздегі тіркелген 3977 діни бірлестіктің бірі екенін естен неге шығарамыз.

2835 — исламдықтан бөлек, қалған 347 — православие, 93 — католик, 586 — протестант, 61 — ехоба куәгерлері, 24 — жаңаапостолдык шіркеу, 13 — кришна санасы коғамы, 7 — иудаизм, 6 — бахаи, 2 — буддизм сынды діни бірлестіктерден «Сіздер су тасқынан зардап шеккендерге қандай көмек беріп жатырсыңдар?», — деп мешіттің ақшасын санағандардың бірі сұрамады. Әлде сұрауға қорқады ма? Батылы жетпейтін болар», — деп жазды журналист.

Енді сол Исламнан бөлек діни бірлестіктерге келушілер тек ақша ғана емес, шет елге көшіп жатса немесе ұрпағы жоқ жалғызбасты жан болса, үйлерін, автокөліктерін садақа ретінде беріп, көмек көрсетіп жатады.

Соңғы жаңалықтар