Мешіттің, базардың жанында отырған қайыршылардың көбі қазақтар. Әлеуметтік желіде одан да көп - Жазира Байырбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мешіттің, базардың жанында отырған қайыршылардың көбі қазақтар. Әлеуметтік желіде одан да көп - Жазира Байырбекова

Мешіттің, базардың жанында отырған қайыршылардың көбі қазақтар. Әлеуметтік желіде одан да көп - Жазира Байырбекова

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде қайыр сұрайтындарға пікірін білдірді. 

  • 4 Наурыз 2020
  • 290
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Шындыққа тіке қарауға уялады айтсам…
Мешіттердің,базарлардың жанында отырған қайыршылардың көбі қазақтар.
Әлеуміттік желідегі қайыршылар одан да көп.
Мен оларды кінәламаймын.
Тек Алладан қайыр сұрап жүрген қол аяғы бүтіндерге,жастарға күш-қуат пен намыс тілеймін!
Аллам біздің де,одардың да күнін ешкімге қаратпаса екен
Бір де бір қазақты алақан жәйдырып қайыршы етпесе екен деп сіздер де тілеңіздерші
"Көп тілеуі көл" дейді ғой", деп жазды желідегі парақшасында. 

Әншінің бұл қайыр сұрап жүрген адамдар жайлы жазбасына оқырмандар да өз пікірлерін жазды. 

"Қайыршылар жайлы темаңа мына фотоң қалай кетті садақ пен тұрған или бәріміз осылай садақ алып атайықпа қайыр сұрап тұрғандарды сәл қуасыңғой дейм", "Қайыршылар деп жазғаныңыз ерсі естіледі екен. Қайыр сұраған адамдар деп жазғаныңыз жөн еді", "Мешіт пен базардағы қайыр сұрап тұрған адамдардан бөлек, қазіргі заманның ең ойланатын мəселесі — банк пен ойындардың айналасында жүрген қазақтар", "Жоқ жоқ деп ,ниеттенбейді ,телеарналарда шоулар көбейді ,жоктарды жинап алып ,бар адамдардан сұрау. Согыстың кезі емес, біреу ушін отбасын кургандай ,және Нұрсұлтанға келіп үй жалдап тұрып ,көмір жоқ нанымыз жок деп .Журектерінің жүні бар екен ,анда-санда барганда шашылып каламыз .Ал олар тұрып көрмекші ,сосын автоматты турде жоқ ,жағдайы жок адам болып ,телеарна бетінде отырады ,журналистерге дайын материал", деп жазды оқырмандар. 

Соңғы жаңалықтар