"Мезі еттіңдер". "Канело" траихи айқас алдында Головкинді сөз етті - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мезі еттіңдер". "Канело" траихи айқас алдында Головкинді сөз етті

"Мезі еттіңдер". "Канело" траихи айқас алдында Головкинді сөз етті

 

  • 18 Тамыз 2023
  • 77
Фото - Caravan.kz

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) 30 қыркүйектегі Джермелл Чарломен (35-1-1, 19 КО) жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің Давид Бенавидеске (27-0, 23 КО) қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы  Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"РВС-дегі үшінші жекпе-жек Бенавидеспен бола ма? Мен білмеймін. Түсініңіздер, қазір бар назарым Чарломен айқаста. Осы жекпе-жектен кейін ғана басқа айқас туралы ойлауға болады. Дегенмен мүмкіндік бар әрине.

Бенавидес туралы сұрақпен мезі қылды ма? Иә, бар ондай. Еске түсіріңіздерші, тап осылай Геннадий Головкин туралы сөздермен мазамды алатын еді ғой. Сол кезде мені әбден ығыр еткен. Ал шынына келгенде мен сіздер айтқан барлық боксшымен айқасып келемін", — деп береді Альварестің сөзін
vRINGe.com
.

Соңғы жаңалықтар