Жарияланды: 400

МГМ 1 шілдеден бастап мұнай өнімдерінің экспортына салынған тыйымды ұзартуды көздеп отыр

Мұнай және газ министрлігі (МГМ) 2011 жылдың 1 шілдесінен кейін мұнай өнімдерінің экспортына салынған тыйымның мерзімін ұзартуды көздеп отыр, деп хабарлайды МГМ баспасөз қызметі.

«Егін егу жұмыстары кестесінің өзгеруіне байланысты ЖЖМ нарығының тұрақсыздану қаупінің алдын алу үшін қазіргі уақытта тыйымды ұзарту мәселесі қаралып жатыр», - делінген министрліктің дүйсенбі күні таратқан ақпаратында. Еске сала кетейік, Қазақстанда егін егу науқаны кезеңіне 1 шілдеге дейін ақшыл мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салынды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, МГМ қазақстандық ЖҚС-ларда бөлшек бағаның келесі шекті мөлшерін белгіледі: АИ 92/93бензині– литрі үшін Т102; Аи-80бензині–литрі үшінТ83; дизелотыны– литрі үшін Т87.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін