Миллиардер мінген тікұшақ апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Миллиардер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Миллиардер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Француз депутаты, миллиардер Оливье Дассо мінген тікұшақ Нормандияда (Францияның солтүстігі) құлады, деп хабарлады Europe 1 радиостанциясы.

  • 8 Наурыз 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Апат Тук коммунасы ауданында болды, миллиардермен бірге ұшқыш та қаза тапты. Қайғылы жағдайға байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон Twitter-де көңіл айтты.

"Оливье Дассо Францияны жақсы көрді. Ірі кәсіпкер, депутат, әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болды. Ол өмір бойы біздің елге қызмет етті", — деп жазды Макрон.

Республикалық партияның өкілі 69 жасында қайтыс болды. Оның әкесі Серж Дассо да миллиардер, танымал бизнесмен және саясаткер болған.


 

Соңғы жаңалықтар