Көрме ағымдағы жылдың мамыр айында Өскемен қаласында өтеді. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінен хабарлағандай, шараға қатысу өтініштері 1 наурызға дейін қабылданады.
Айтулы көрмеге қатысуға ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері және жобалау ұйымдарымен бірге, жаңа технологияларды дайындау мәселелерімен айналысатын заңды және жеке тұлғалар шақырылады.
Қазақстандық «ЭКСПО-2017» көрмесінің қазақстандық дайындығы іспетті болып табылатын«Мини ЭКСПО-2014» аясында «Болашақтың энергиясы» жобаларының көрме-конкурсы өтеді. Конкурс үш үлкен секциялық блокқа: «Қалпына келтірілетін қуат көздері және энергияның басқа да баламалы көздері», «Экологиялық қауіпсіздік және ресурстарды үнемдеу», «Жасыл» технология» бөлімдеріне бөлінген.