Министр алматылық дәрігердің шашын неге тақырлап алып тастағанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр алматылық дәрігердің шашын неге тақырлап алып тастағанын түсіндірді

Министр алматылық дәрігердің шашын неге тақырлап алып тастағанын түсіндірді

Министр сотқа дейін қамауға алынғандардың енді шашы тақырланбайтынын айтты.

  • 1 Қазан 2019
  • 167
Фото - Caravan.kz

Үкімет дәлізінде журналистерге сұқбат берген ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың қамауға алынған кезде басын неге тақырлап алып тастағанына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шашқа келетін болсақ, тергеу изоляторларындағы қазіргі тәртіп бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды орындау үшін қамауға алынғандардың шашы 1,5 сантиметрге дейін қырқылады, бірақ тақырланбайды", — деді ол.

Сонымен бірге, министр сотқа дейін қамауға алынғандардың шашы алмау мүмкіндігін де жоққа шығармады.

"Қазір мен шешім қабылдап, сот шешімі шыққанға дейін қамауға алынған адамның шашын тақырламау туралы бұйрық шығардым, сондықтан алда бұл норма қолданылмайды", — деп атап өтті Тұрғымбаев.


Ол кеше осы оқиғаға байланысты кеңес өткенін, сол арада уақытша қамауға алынғандарға қарсы мұндай шара қолдану-қолданбау мәселесі кеңінен талқыланғанын айтты.

Хирург Қанат Тезекбаевтың шашын тергеу изоляторында тақырлап алып тастаған. Бұл туралы оның әйелі Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтты. Ер адам алты күн қамауда болып, мұны тозаққа теңеген.

Соңғы жаңалықтар