Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол биыл 1 қаңтардан бастап 247 мың медицина қызметкерінің айлығы өскенін атап өтті. Дәрігерлердікі 30%-ке, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ке артқан.
"2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен өсіп, экономикадағы орташа айлықтан екі жарым есе жоғары болады. Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 561 мың теңгені, ал орта медицина қызметкерлерінікі 210 мың теңгені құрайды", — деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.
Айтуынша, қазіргі таңда елде 76 мың дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде 32 мыңы – бейінді мамандар.