Жарияланды: 360

Министр "Өз ойым" туралы: Бағдарламаны жабуға құқығымыз жоқ

Министр "Өз ойым" туралы: Бағдарламаны жабуға құқығымыз жоқ Сурет - Stan.kz

«Өз ойым» бағдарламасын жаба алмаймын. 

Бүгін Нұр-Сұлтандағы «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізген ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

«Жетінші арнаның» «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін сататын қыздар туралы сөз болғаннан кейін қоғамда наразылық туындаған еді. Бұл мәселені бірінші болып жайдарманшы Нұрболхан Шарапов көтеріп, артынша оны Асхат Садырбай, Бибігүл Дәулетбекқызы қолдады. Олар бағдарламаның жабылуын талап етуде.

Бүгін қоғамдық қабылдау барысында да «Өз ойым» мәселесі көтерілді. Тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы министрден көптің наразылығын тудырған бағдарламаны жабуын сұрады. 

Тележүргізушіге жауап берген Дәурен Абаев аталған бағдарламаның жаба алмайтынын айтты. Себебі оған құқығым жоқ, дейді. 

«Жетінші арна» жекеменшік телеарна болып табылады. Бұл ретте мен тек заңның аясында шара қолдана аламын. «Өз ойым» бағдарламасында лаңкестік секілді заңмен тыйым салынған тақырыптар насихатталса, осындай жағдайда ғана тоқтатылады. Мұнан бөлек жағдайларда жабуға құқығымыз жоқ», - дейді Абаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін