Министр қандай мамандардың жалақысы екі есе өсетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр қандай мамандардың жалақысы екі есе өсетінін айтты

Министр қандай мамандардың жалақысы екі есе өсетінін айтты

Жыл басынан бері мәдениет және өнер ұйымдарында жұмыс істейтін 34 мың қызметкердің жалақысы 35-50 процентке өскен

  • 5 Маусым 2020
  • 37
Фото - Caravan.kz

 Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына жалақының 100 проценті көлемінде қосымша ақы берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері мәдениет және өнер ұйымдарында жұмыс істейтін 34 мың қызметкердің жалақысы 35-50 процентке өскен. Ал мәдениет және спорт саласындағы мамандырылған мектеп пен колледж педагогтарының жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 20 процентке көтеріліп тұрады.

"Спорт саласындағы жаттықтырушы оқытушылардың, мұғалімдердің, төрт интернат-колледж бен спорт мектебінің жаттықтырушы оқытушыларының жалақысы көтеріледі. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының 100 проценті көлемінде қосымша ақы беріледі", — деді Райымқұлова бүгін онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Министрдің сөзіне қарағанда, допингке қарсы зертхана, ұлттық допингке қарсы орталық пен дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік талдау орталығының спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына да лауазымдық жалақыларына 100 проценттік ақы белгіленіп отыр. Осылайша, олардың жалақысы екі есеге артады.


"Сондай-ақ, кәсіби еңбек өтілі кем дегенде 20 жыл болатын балет әртістері ай сайын соңғы үш жылдық жалақысының 60 проценті көлемінде төлем алады", — деп түйіндеді Райымқұлова.

 

Соңғы жаңалықтар