Министр Қаппаров қоқысты кәдеге жаратпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Қаппаров қоқысты кәдеге жаратпақ

Министр Қаппаров қоқысты кәдеге жаратпақ

Бірақ әзір емес. Тек әр жерде тау болып үйіліп жататын тұрмыстық қалдықтардан арылу үшін арнайы бағдарлама әзірлеп қойған. Оған бюджеттен 127 миллиард теңге қажет екен.

  • 5 Маусым 2014
  • 196
Фото - Caravan.kz

Алайда, мақтауы асырылған бағдарламаның таяу уақытта іске асуы екіталай. Өйткені, ол 2020 жылға дейін жоспарланған. Оған дейін аулаларға қоқысты іріктеп салатын контейнерлер орналастырылады. Ал 2050-ші жылға қарай елімізде қоқыс өңдейтін зауыттар салынбақ. Бұл ауқымды іс шетелдік инвесторларға тапсырылмақшы. Осылайша елімізбің бас экологы тұтас Қазақстанды қоқыстан тазартпақ ойы бар. Тіпті қалдықтарды әр жерге тастай салатын халықтың мәдениетін көтеру үшін де жұмыс жүргізбек.


Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі:

-Тұрмыстық қалдықтарды екі бөліп тастау деген ұғым жоқ. Алдымен жұрттың бұған көзін үйретуіміз керек. Еуропа елдерінде мысалы 5 контейнер тұрады. Біріне тағам қалдықтары екіншісіне қоқыс салады. Тағысын тағы солай кете береді. Бізде осындай деңгейге жетуіміз керек.