Министр Қасымбек арендалық үйдің бағасын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Қасымбек арендалық үйдің бағасын жариялады

Министр Қасымбек арендалық үйдің бағасын жариялады

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін арендалық пәтерлер салынады. Оны т

  • 18 Шiлде 2017
  • 846
Фото - Caravan.kz

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін арендалық пәтерлер салынады. Оны тек жалға алуға ғана болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Арендалық пәтерлерді біз әкімдіктің тізімінде тұрғандарға беретін боламыз. Ол тізімді әкімдік өзі ұсынады. Арендалық пәтердің бір шаршы метрі айына 100 теңге болады. Сонда бір пәтердің ауданы 50 шаршы метр болса, бір айлық жалға алу құны 5 000 теңге болады. Ол тек пәтерді жалға алу ақысы ғана, оның сыртында коммуналдық төлемдер тағы бар", — деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Үкімет отырысы барысында министр арендалық тұрғын үйлердің құрылысы жайында айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, биыл 3 мыңға жуық адам арендалық пәтерге кіретін болады. 


 

Соңғы жаңалықтар