Министр: "Тілшілерге жауап бермейтін мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылады" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр: "Тілшілерге жауап бермейтін мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылады"

Министр: "Тілшілерге жауап бермейтін мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылады"

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистердің сауалына жүрдім-бардым қараған мемлекеттік қызметкердің жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

  • 26 Қаңтар 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Бұл туралы министр өңірлік мерзімді басылымдар форумында айтты. Сондай-ақ ол тілшілерге жауап беру мерзімінің қысқарғанын және "Pressa" деген жазуы бар көлікті кез-келген жерге қою немесе мекемелерге кіру сияқты көптеген жеңілдіктер болатынын атап өтті.

"Енді журналистің сауалына міндетті түрде жауап беріледі. Жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады. Сонымен қатар, жауап бермейтін мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілікке тартылады. Мұның барлығы журналистің ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында жасалып отыр. Сондай-ақ журналистердің жеңілдікпен пәтер алуы, ауруханаларда жеңілдіктер пайдалануы туралы нормаларын қарастырып жатырмыз", — деді Дархан Қыдырәлі.


Соңғы жаңалықтар