Министр жоғалған қазақстандықтар туралы: құтқару операциясы қиындап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр жоғалған қазақстандықтар туралы: құтқару операциясы қиындап жатыр

Министр жоғалған қазақстандықтар туралы: құтқару операциясы қиындап жатыр

Қазақстаннан барған құтқару тікұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қажетті биіктікке көтеріле алмаған.

  • 20 Тамыз 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қырғызстан тауларында қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерді құтқару операциясы қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жеңіс шыңы Қырғызстан аумағында орналасқандықтан, кеше құтқару тобы құрылды. Қырғыз шекарашыларынан әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алынды", — деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, Қазақстаннан барған құтқару тікұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қажетті биіктікке көтеріле алмаған.

"Бүгін жергілікті уақытпен сағат 10:00-де құтқару операциясы жанданады. Тәжірибелі құтқарушылар сол жерде жүр. Тікұшақ таулы аймаққа бейімделген", — деді ол.

Десе де, Тұрғымбаев теңіз деңгейінен 6 мың метр биіктікке ешбір әуе кемесі көтерілмейтінін айтты.

"Әрине, ол барынша жоғары деңгейге көтеріледі. Бірақ альпинистердің нақты қайда екенін білмегендіктен, құтқару операциясы қиындап жатыр. Сондықтан бұдан да ауқымды іздеу жұмыстарын жүргіземіз", — деді министр.


Айтуынша, альпинистердің болжамды орындарын анықтау үшін арнайы қызметтер де тартылуда.

Еске сала кетсек, 15 тамызда қазақстандық альпинистер Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев Қырғызстан тауларында қар құрсауында қалып қойды. Александр Чечулин өкпесі қабынып, көз жұмған.

Жоғалған альпинистер Қырғызстандағы 7439 метрлік Жеңіс шыңының жоғары нүктесіне көтеріліпті.

Соңғы жаңалықтар