"Министрден сұраңыз" - Төреғалидің әкесі Алматы әуежайындағы оқиға туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Министрден сұраңыз" - Төреғалидің әкесі Алматы әуежайындағы оқиға туралы

"Министрден сұраңыз" - Төреғалидің әкесі Алматы әуежайындағы оқиға туралы

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі мен оның әкесі Төреәлі Әлиханұлы Алматыда болған оқиғаға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте Төреғали жолаушы болмаса да, отбасымен бірге ұшақтың салонына кірген. Нәтижесінде Алматы-Гонконг рейсі кешіктірілді. 

  • 15 Қазан 2018
  • 141
Фото - Caravan.kz

Араға бір ай салып, 14 қазанда Төреғали журналистер мен блогерлерге арнап өзінің "Ұлы дала комедиясы" атты фильмінің тұсауын кесті. Фильм аяқталғаннан кейін Төреғали мен туындыны жасауға атсалысқандар Chaplin MEGA Park кинотеатрында баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Әнші кино туындысы мен оның қалай жасалғаны туралы барлық сұраққа сыпайы жауап берді. 

Алайда Tengrinews.kz тілшісі әуежайда болған оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұраған кезде, ол қандай да бір сұраққа жауап беруден бас тартып, олардан шаршағанын айтты. Сондай-ақ, ол өзіне жақындамауын сұрап, әрі қарай жанкүйерлерімен суретке түсуін жалғастыра берді. 

Әншінің әкесі де, Төреәлі Әлиханұлы бұл оқиғаға пікір білдіруден бас тартты. "Бұл туралы министрден сұраңыз. Ол кезде мен оның қасында болған жоқпын. Ұлым маған ештеңе айтқан жоқ", — деді Төреәлі Әлиханұлы басқа сұрақтарға жауап бергісі келмейтінін айтып.

Жақында ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментіндегілер мемлекеттік Шекараны қасақана заңсыз кесіп өту бойынша алдын ала тергеудің жүріп жатқанын хабарлады. Алайда ведомстводағылар ереже бұзушының аты-жөнін атап айтпады. Аталған баптың санкциясы бойынша, бір мың АЕК мөлшерінде айыппұл салу болмаса бір жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылады. "Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінінің 392-бабының 1-бөлігі бойынша, 1992 жылғы азаматқа қатысты тіркелді", — деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 


 

Соңғы жаңалықтар