Министрлер «Нұр Отанда» қабылдау өткізеді
![]() |
Қараша айында «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында |
мемлекеттік органдардың өкілдері мен «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Бұл туралы партияның сайты хабарлады.
ҚР инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев азаматтарды қабылдауды 4 қарашада өткізеді (10.00-13.00);
11 қараша - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров;
18 қараша - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.Әзілханов;
25 қараша - ҚР Бас Прокурорының орынбасары Н.Исаев;
27 қараша (10.00-13.00) - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова
27 қараша (15.00-17.00) - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Нысанбаев;
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Оңалсын Жұмабеков азаматтарды 3 қарашада қабылдайды;
5 қараша - Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Елена Тарасенко;
10 қараша - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов;
12 қараша - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Надежда Петухова;
17 қараша - Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Николай Кузьмин;
19 қараша - Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі Серікбай Нұрғисаев;
24 қараша - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Зағипа Балиева;
26 қараша - Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Андрей Бегенеев;
Қабылдау мына мекенжайда өтеді: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25 үй, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауы сағ 10.00 ден 13.00-ге дейін.
Қабылдауға жазылуға болады:
- Электрондық қоғамдық қабылдау арқылы www.kk.nurotan.kz мекенжайы бойынша;
- Бірыңғай Call - орталығы бойынша: тел. 59-78-50,
- Республикалық қоғамдық қабылдаудың мекенжайы бойынша: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25.
Сонымен бірге, басқа облыс орталықтарының және Алматы қаласы тұрғындарының Астанаға келмей-ақ қабылдауға жазыла алатынын хабарлаймыз. Өйткені, қабылдауды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалдарында бейнебайланыс режимінде өткізу мүмкіндігі қарастырылған. Жазылу қабылдауға 3 жұмыс күні қалғанда аяқталады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін