Министрлік Қазақстанда Pinterest неге бұғатталғанын түсіндіріп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлік Қазақстанда Pinterest неге бұғатталғанын түсіндіріп берді

Министрлік Қазақстанда Pinterest неге бұғатталғанын түсіндіріп берді

Қазақстанда Pinterest-ке кіру шектелді.

  • 23 Сәуiр 2021
  • 15
Фото - Caravan.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал сайт неге бұғатталғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Pinterest сайтына қатысты айтсақ, интернет-ресурсқа кіру Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы және 2020 жылғы 13 қаңтардағы интернет-казино жарнамасына байланысты ұйғарымдары негізінде заңсыз контент сілтемелерін таратқаны үшін шектелгенін хабарлаймыз.

Pinterest.com-ды шектеуге негіз болған барлық материал әлі де тұр, яғни заңбұзушылықтар жойылмады", — деп түсіндірді Ақпарат министрлігіндегілер.

Ведомство өкілдері интернет-ресурсқа заңсыз контентті жою қажет екені туралы хабарлама-хаттар жіберілгенін атап өтті.


Министрлік мәліметінше, Pinterest сервисінің мобильді қосымшасы Қазақстанда штаттық режимде жұмыс істейді. Алайда қолданушылар қосымшаға кіргенде ара-тұра проблемалар болатынын айтады.

Pinterest (Пинтерест) — онлайн режимінде суреттер жүктеуге, оны қандай да бір тақырып бойынша топтамаға салып, бөлісуге мүмкіндік беретін әлеуметтік интернет-сервис, фотохостинг.

Statcounter Global Stats деректері бойынша, Pinterest Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желілердің бірі.